2024 жылдың қыркүйек айында жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері

2024 жылдың қыркүйек айында жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері

Бекітілген жоспарға сәйкес 2024 жылдың қыркүйек айында 34 білім беру ұйымы  мемлекеттік аттестаттаумен қамтылуы қажет болса, 33  білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді (1 МДҰ жабылған). Оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары-3. Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары-30. Қорытындысында 2 (2 мектеп, 6 %).) білім беру ұйымы бірінші кезекте аттестатталды, 31 білім беру ұйымы аттестатталмады  (94 %).

Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған негізгі кемшіліктер:

мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу деңгейінде:мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының сақталмауы, тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болмауы және нәтижелерін талдауының сәйкес келмеуі, үлгілік оқу бағдарламасы қосымшасына сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болмауы және талдауының сәйкес келмеуі.

Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша: бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақ кестелерінің сәйкес келмеуі, вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарының толық іске асырылмауы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курстарын іске асырудың сәйкес келмеуі, педагогтердің тиісті бейіні бойынша кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттыруы және біліктілік санатын көтерумен қамтамасыз етілмеуі.