2024 ж. тамыз айында жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы

2024 ж. тамыз айында жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы

2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының бекітілген кестесіне сәйкес 2024 жылдың тамыз айында 8 мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік аттестаттау жүргізілуі жоспарланған. Алайда, бір жеке балабақшаның жабылғандығына байланысты мемлекеттік аттестаттаумен 7 МДҰ қамтылды. Оның ішінде аттестатталған білім беру ұйымы – 2, аттестатталмаған – 5.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу деңгейінде мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған негізгі кемшіліктер:  мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының сақталмауы, тәрбиеленушілердің жеке даму карталары мониторинг нәтижелерімен сәйкес келмейтіндігі, ұсынылған мәліметтердің ҰБДҚ-дағы мәліметтермен сәйкес келмейтіндігі.