Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізді. Мониторингпен Орал қаласының мектептері қамтылды. Мониторингтің маңызды сұрақтардың бірі мектеп кітапханаларының жұмысы болды. Мектеп кітапханаларын тексерген кезде тиісті құжаттардың жүргізілетіндігі ( абонементтер, журналдар т.б.), кітап сақтауға арналған қоймалардың және үй-жайлары жасалған оқу залдардың бар екендігі анықталды.
Мектептерде 2024 жылы алынған жаңа оқулықтар мен көркем әдебиет көрмелері ұйымдастырылған. Жаңа оқулықтар көрмесі цифрлық форматта әзірленген.