
2024 жылғы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зауре Гумарова және облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша брифингке қатысты.
Брифингте білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары, мектептердің жаңғыртылуы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектепішілік бақылау шаралары, оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуы, «Елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасының жүзеге асырылуы және тағы басқа мәселелер қаралды.
Іс-шара қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауаптар берілді.