
2024 жылдың 18 тамыз күні БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» № 486 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарымен өзін-өзі бағалауды жүргізу бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында өзін-өзі бағалау құжаттарын толтыру және мектепке дейінгі ұйымының ресми сайтына орналастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар беріліп, ұсынылатын құжаттардың ҰБДҚ-дағы мәліметтермен сәйкес болу керектігі айтылды.