2024 жылдың шілде айында білім беру ұйымдарына өткізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы

2024 жылдың шілде айында білім беру ұйымдарына өткізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы

2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының бекітілген жоспарына сәйкес 2024 жылдың шілде айында 4 мектепке дейінгі ұйымы қамтылды. Оның ішінде аттестатталған білім беру ұйымы – 0, аттестатталмаған – 4. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу деңгейінде мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған негізгі кемшіліктер:  мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының сақталмауы, тәрбиеленушілердің жеке даму карталары мониторинг нәтижелерімен сәйкес келмейтіндігі, мектепке дейінгі білім беру ұйымының ресми сайтына өзін-өзі бағалау құжаттардың толық орналастырмауы.