
Қазақстандық оқушылар 2024 жылы 12 халықаралық олимпиадада 361 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 41 алтын, 134 күміс және 186 қола. Сондай-ақ оқушылар Сингапур, Қытай және АҚШ-тағы роботты
техника бойынша халықаралық чемпионаттарда ерекше жетістікке жетті. Лос-Анджелестегі Дүниежүзілік ғылыми және инженерлік көрмеде, Өзбекстандағы Авиценна атындағы Халықаралық математикалық олимпиадада және биология олимпиадасында, Грузиядағы қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада, Қытайдағы химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті. Еліміздің оқушылары Балқан түбегінің ең мықты жас математиктерінің үштігіне енді.