
2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында 85 мектепте 4 және 9 сынып оқушыларына білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. Тестілеуге 4 және 9 сыныптардың 5083 оқушысы қатысты. Мониторинг қорытындылары бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Жаңақала ауданының Е. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі және Теректі ауданының Х. Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының дипломдарымен марапатталды.
Дипломдарды табыстау үшін екі мектеп басшысы Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне шақырылды