2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында 85 мектепте 4 және 9 сынып оқушыларына білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді (ББЖМ). Мониторинг онлайн тестілеу форматында өткізілді. Тестілеуге 5083 оқушы қатысты ( 4-сынып - 2429, 9-сынып - 2654).
ББЖМ - 4 және 9-сынып оқушыларының оқу, математика және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы саласындағы білімдері мен дағдыларын бағалайтын Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің маңызды элементтерінің бірі. ББЖМ нәтижелері бойынша әр өңірге тиісті әдістемелік көмек көрсетілетін болады.