Бүгінгі күнге департаментпен 14 білім беру ұйымына біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында келесі бұзушылықтар орын алған: оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар педагогтардың болмауы; педагогтардың сапалық құрамының сәйкес келмеуі, яғни жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесі төмен болуы; физика, химия, биология пәндері бойынша оқу-зертханалық жабдықтардың жетіспеушілігі.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілген.