
2024 жылдың 24 мамырда Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшы З. Гумарова «Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 5 айындағы атқарған жұмысы туралы» тақырыбындағы пресс конференцияға қатысты.
Пресс конференция барысында департамент басшысы департамент тарапынан жүргізілген бақылау шаралары туралы ( мемлекеттік аттестаттау, бару арқылы біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеру, түрлі мониторинг және т.б.) қысқаша мәлімет берді.