Білім беру ұйымдарына жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы

Білім беру ұйымдарына жүргізілген  мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы

Бекітілген жоспарға сәйкес 2024 жылы 211 білім беру ұйымы  мемлекеттік аттестаттаумен қамтылуы қажет болса, 20 мамырға  дейін 32   білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары-8.

Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары-24.

         Қорытындысында 7 (2 мектеп, 5 МДҰ) білім беру ұйымы бірінші кезекте аттестатталды, 25-і аттестатталмады  (78,1 %).

Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған негізгі кемшіліктер:

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу деңгейінде:

        мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының сақталмауы, тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болмауы және нәтижелерін талдауының сәйкес келмеуі, үлгілік оқу бағдарламасы қосымшасына сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болмауы және талдауының сәйкес келмеуі.

Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша:

        Бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің сәйкес келмеуі, вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарының толық іске асырылмауы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курстарын іске асырудың сәйкес келмеуі, педагогтердің тиісті бейіні бойынша кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттыруы қамтамасыз етілмеуі.

Қазіргі таңда осы аттестаттаумен қамтылған 20  білім беру ұйымы бұзушылықтарды жою жөніндегі есебін тапсырып, қайтадан аттестатталды (2 мектепке дейінгі ұйым, 18 мектеп).