
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Р. Мұратов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында департамент қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Р. Мұратов ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына түсінік жұмыстарын жүргізіп, әр қызметкердің осы заңның талаптарын ұстану міндетті екендігі және мемлекеттік органда, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың әр түріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру керектігін айтты.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар талқыланған мәселе бойынша пікір алмасты және сұрақтарға жауап берілді.