
Ағымдағы жылдың 26 ақпаннан бастап Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша жұмысты бастады. 6 наурыздағы жағдай бойынша облыстың 6 мектепте тексерістер жүргізілген. Тексеріс нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталып, оларды жою үшін нұсқамалар берілген.Мектеп басшылары біліктілік талаптарының бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, 2024 жылда 40 білім беру ұйымында біліктілік талаптарының қағидаларын сақтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.