
Шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдардағы мектепті жаңғырту аясында 2021-2025 жылға дейін облыс бойынша 313 ауылдық мектептерді жаңғырту жоспарланған (2021- жылы-64 мектеп, 2022 жылы- 63 мектеп, 2023 жылы-62 мектеп, 2024 жылы-62 мектеп, 2025 жылы – 62 мектеп).
Департамент қызметкерлерімен 2023 жылы жаңғырту тізіміне енгізілген 19 мектепке бару арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жаңғырту аясында 7 шара қарастырылған (күрделі жөндеу жұмысы, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жихаздарымен қамту, кітапхананы және асхананы жаңғырту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, мектепті безендіру).
19 мектептің 1-де ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 12 мектепке 16 пән (4-і физика, 10-ы химия, 1-і биология, 1-робототехника) кабинеттері алынған.
13 мектепке жихаздар алынған, 14 мектептің кітапханалары көркем әдебиеттермен толықтырылған. Тек 1 мектептің асханасына қажетті заттар алынса, 6 мектепке қауіпсіздік шаралары үшін қаражаттар бөлінген.
Мониторинг жұмыстары қорытындысында 19 мектептің жаңғыртудың 7 шарасымен толық қамтылмағаны анықталды.