
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім бөлімдерінің қызметкерлері мен мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарының басшыларымен 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу бойынша түсіндіру мақсатында «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта семинар өткізді. Семинарда білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А.Кусаинова мемлекеттік аттестаттауға байланысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіріп, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығы негізінде мектептердің мемлекеттік аттестаттауға дайындығы, өзін-өзі бағалаудың жасалуы, бағалау өлшемшарттары туралы ақпарат берді. Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.