Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2023 жылы жүргізілген мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2023 жылы жүргізілген мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылғы 24 мамырдағы № 256 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде 2023 жылы 140 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның 50 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары, 80 бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары, 10 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары. Тізбе Департаменттің ресми интернет парақшасында орналастырылды.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары.

Бекітілген кесте бойынша 50 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары аттестаттау процедурасынан өтті. Оның 10 аттестатталды, 40 аттестатталмады. 14 ұйым мемлекеттік аттестаттау жүргізу барысында анықталған бұзушылықтардың жойылғандығы туралы есебін тапсырып қайта аттестатталды. Негізгі бұзушылықтар: оқу жұмыс жоспарларының сәйкес келмеуі (12); мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі (20);  жеке даму карталарының болмауы (15);

тәрбиеленушілердің дамуын бақылау (бастапқы мониторинг) жүргізілмеуі (17); тәрбиеленушілердің жетістіктерін бақылау (қорытынды мониторинг) болмауы (17); педагогтердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік санатының деңгейін арттырмауы (27).

Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары.

Бекітілген кесте бойынша 80 бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары аттестаттау процедурасынан өтті. Оның 6 аттестатталды, 74 аттестатталмады. 35 ұйым мемлекеттік аттестаттау жүргізу барысында анықталған бұзушылықтардың жойылғандығы туралы есебін тапсырып қайта аттестатталды. Негізгі бұзушылықтар: жұмыс оқу жоспарының сәйкес келмеуі (28); оқу пәндерінің  базалық  мазмұнын  игеруінің сәйкес келмеуі (35); вариативтік компоненттің таңдау курстары мен факультативтерін іске асырылуының сәйкес келмеуі (26); «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын оқытудың сәйкес келмеуі (29); «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асырудың сәйкес келмеуі (26); Педагогтердің кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттыруын қамтамасыз етпеу (38); білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асырудың сәйкес келмеуі (42); тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар педагогтердің болмауы (7); кешенді тестілеуден өтпеу (9);

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Бекітілген кесте бойынша 10 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары аттестаттау процедурасынан өтті. Оның 9 аттестатталды, 9 аттестатталмады. 9 ұйым мемлекеттік аттестаттау жүргізу барысында анықталған бұзушылықтардың жойылғандығы туралы есебін тапсырып қайта аттестатталды.