
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру және бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасының, білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім мазмұны: білім сапасы, білім беру жүйесін тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарға білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы |А.Кусаинова «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және есебін жазу барысында жіберілетін кемшіліктерге шолу» тақырыбында сараптама жасады. Мемлекеттік аттестаттауға қатысты сұрақтарға жауап берді.