
Қазақстан Ресбуликасының «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2023 жылдың қараша айында бекітілген тізімге сәйкес 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 15 орта білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Аттестатталды-2 («Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Ер Төстік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «М.Әуезов атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі).
Аттестаталмады-18.
Мемлекеттік аттестаттау барысында келесі жүйелі кемшіліктер анықталды:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында:
- тәрбиеленушілердің дамуының бастапқы және қорытынды мониторингінің болмауы;
- оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталмауы;
- үш жыл ішінде педагогтердің біліктілігін арттырмауы;
- топтарды жинақтау кезінде жас кезеңділігін сақтамауы.
Орта білім беру ұйымдарында:
- оқу пәндерінің базалық мазмұнын толық игеру ді қамтамасыз етпеу;
- «Өмір қауіпсіздігі негіздері» және «Жол қозғалысы ережелері» курстарын оқу Kundelik.kz электрондық журналда көрсетілмеуі;
- үш жыл ішінде педагогтердің біліктілігін арттырмауы;
- білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарының сақталмауы.
Анықталған кемшіліктер бойынша әдістемелік көмектер берілді.