
2023 жылдың 28 қараша күні жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен аудан, қала білім беру бөлімдері мен ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске Департамент басшысы З.Гумарова қатысты.
Кеңесте мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы талаптарын қатаң сақтауға назар аударылды.