
Білім беру саласындағы өзгерістер мектеп әкімшілігінен білім беру процесін тиімді іске асыру үшін өзгерістерді жоспарлау мен басқаруда жаңа тәсілдерді талап етеді.
Білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру маңызды.
Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Оқу ағарту министрлігі мектептерде мектепішілік бақылау өткізу бойынша Әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, 1000 мектепті қолдау жобасын іске қосты. Бұл жобамен облыстың 55 мектебі қамтылды.
2023 жылдың 28 қараша күні Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырумен мектепішілік бақылау жұмысына жауапты болып тағайындалған менторлармен отырыс өткізілді. Отырысқа Департамент басшысы З.Б.Гумарова қатысты.
Отырыста мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау бағытындағы менторлар тарапынан берілген сұрақтар талқыланып, ұсынбалар берілді.