Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З.Гумарова ағымдағы жылдың 06 қарашасы күні Департамент қызметкерлерімен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде Департаменттің ішкі ұйымдастыру жұмыстары және Астанада өткен ҚР Оқу-ағарту министрілігінің алқа отырысында талқыланған мәселелер, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде аумақтық департаменттер басшыларымен өткен кездесуде талқыланған білім берудің өзекті мәселелері туралы департамент басшысы З.Гумарова айтып берді. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары айқындалған № 486 бұйрыққа енгізілетін өзгерістер, Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, педагогикалық этика мәселлері талқыланғандығы туралы айтылды.
Кеңесте департамент басшысы З.Гумарова бас маман А.Кусаиноваға ҚР Оқу-ағарту министрілігінің Құрмет дипломын табыс етті.