
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З.Гумарова облыс әкімдігінің аппараттық кеңесіне қатысып, күн тәртібіне сәйкес мектептердің лицензия алу жұмыстары туралы, оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстару туралы баяндама жасады. Өз сөзінде бiлiм беру қызметiмен айналысу үшін рұқсаттың болуы талап етілетіндігі, тиісті рұқсатты алмай қызметті жүзеге асыруына жол берілмейтіндігі туралы айтты. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелерге тоқталды.
Кеңес барысында облыс әкімі Н.Төреғалиев екі мәселе бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.