2023 жылдың 05 қазанында мұғалімдер күніне орай Астана қаласындағы Казмедиа ораталығында Республикалық педагогтер съезінің пленарлық мәжілісі өтті.

2023 жылдың 05 қазанында мұғалімдер күніне орай Астана қаласындағы Казмедиа ораталығында Республикалық педагогтер съезінің пленарлық мәжілісі өтті.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық мәжіліске қатысып, жиынға қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтады. Еліміздің жарқын болашағы, дамыған мемлекеттер қатарына енуі мұғалімдердің еңбегіне байланысты екеніне тоқталып, білім саласындағы енгізілген өзгерістер мен шешуді талап ететін мәселелерге назар аударды.

Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын екендігін айта келіп, білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою, ұстаздардың біліктілігін арттыру, мектептегі орын тапшылығы, мектепті ең қауіпсіз орынға айналдырудың, білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесін орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы педагогтердің бүгінде тек пәнді ғана үйретіп қоймайтынын, сондай-ақ балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоциялық интеллектісін дамытуға ықпал ететінін айтты. Ұстаз деген жоғары атқа лайық болу үшін мұғалімдер әрдайым кәсіби тұрғыдан дамып, өзгерістерге дайын болуға тиіс екендігін ескертті.

  Жиын барысында әр өңірден келген балабақша, мектеп пен колледждерде еңбек ететін мұғалімдер сөз сөйлеп, білім саласын дамыту жөніндегі өз ұсыныстарымен бөлісті.             

   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық педагогтер съезі болашаққа жаңа бағдар беретін жиын ретінде білім беру ұйымдарының ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін цифрландырылған орталыққа айналуы үшін қажетті жағдайларды жасау бағытындағы міндеттерді нақтылады.

 

   БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің   бас маманы А.А.Кусаинова