Zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді

Zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді

2023 жылдың 13 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдерімен, жалпы білім беретін мектептердің басшыларымен  Zoom платформасы арқылы жиналыс өткізді.

Департамент басшысы З.Гумарова мектептерде 1-4 класс оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы, оқушылардың өмір қауіпсізідігін сақтау, оқушыларға тасымал ұйымдастырылуының барысы, педагогикалық әдеп қағидаларының сақталуы, жүктемелердің бөлінуі, педагогтарды жұмысқа қабылдау қағидасының сақталуы, басқа да өзекті мәселелер бойынша айтып өтті.

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б.Тулегенов білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау, өзін-өзі бағалау жұмыстарының сапалы жүргізілуі қажеттілігін ескертті.