Семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 08 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдерімен, жалпы білім беретін мектептердің басшыларымен білім беру ұйымдарында өзін-өзі бағалауды жүргізу және мемлекеттік аттестаттаудан өту ережелері бойынша Zoom платформасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Департамент басшысы З.Гумарова білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалаудың сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейту қажеттігіне назар аударды.

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А.А.Кусаинова білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізу бойынша, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б.М.Тулегенов

мемлекеттік аттестаттау алгоритмі бойынша баяндады.

Семинар барысында пікір алмасу өтті, сұрақтарға жауаптар берілді.