
Мектеп ғимараты 200 оқушыға арналған, 291 оқушы білім алады.
Мектепте «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы , «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ұжымдық оқу» жобалары жүргізілуде.
2022 жылы «Ауыл мектептерін жаңғырту» республикалық жобасы аясында 13 млн 200 мың теңге қаражатқа жаңа химия, биология, физика кабинеттері, мектеп жиһаздары алынды.
Оқушыларға мектеп үлескесіндегі тәжірибелік алаңда жұмыстану үшін жағдай жасалған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектепте - 40 бейнекамера жұмыс жасайды, оның 12-сі жедел басқару орталығына қосылуда, дабыл түймесі орнатылған.
Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы педагогикалық процесс барысында функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті мемлекеттік білім білім беру стандартының талабына сай дамыта отырып, білім және тәрбие үрдісінің одан әрі жетілуіне, жеке оқушының қабілетін айқындап, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстанып келеді