
Жаңа басшыны Департамент ұжымы мен облыстық білім басқармасы, аудандық, қалалық білім бөлімдері және білім беру ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова таныстырды.
М.Мелдебекова жаңа оқу жылы қарсаңында облыстың білім беру ұйымдары басшыларына білім саласында сапаны қамтамасыз ету бағытындағы негізгі механизмдер мен шараларды атап өтті. Сонымен қатар оқушылардың білім сапасын көтеру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы айтты.