
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар балаларыңызды жеке мектепке берер алдында келесіні ескеруіңіз қажет:
1️⃣ . «Білім туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалардың білім беру қызметі лицензиялауға жатады. Мектептің міндетті түрде лицензиясы болу қажет, мектептің лицензиясыз қызметі заңсыз;
2️⃣ . Лицензиясыз мектеп анықтама, табель, аттестат бере алмайды;
3️⃣ . Қандай да бір құжатты берген жағдайда бұл құжаттар заңсыз болып табылады, ал бұл жағдайда сіздің балаңыз болашақта оқуға түсе алмайтын болады.