
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде 2023 жылғы 10-24 шілде аралығында орта білім беру ұйымдарына бару арқылы мониторинг жүргізді. Облыстың 373 жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторинг жүргізілді. Жаңа оқу жылы алдында білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан күрделі әрі ағымды жөндеулердің барысы зерделенді. Сонымен қатар, мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы интернеттің жылдамдығы, қауіпсіздік (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі), жылы санитарлық тораптар (ішкі әжетханалар), спорт залдары, спорттық жабдықтаулар, асханалар, жаңадан модфикациялық пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттері сияқты мәселелер қамтылды.
Мониторинг қорытындылары тиісті шаралар қабылдау үшін Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылды.