
БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Баймұратұлы Габдушев ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекеттік қызмет істері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің Превенция қызметінің өкілдерінің қатысуымен өткізілген Білім саласында сапаны қамтасыз ету комитетінің аумақтық департаменттеріне арналған семинар-тренингке қатысты. «Мемлекеттік қызметтегі әдеп жөніндегі уәкілдердің мінсіз әдеп пен адалдық қағидаттарын нығайтудағы рөлі» тақырыбындағы жиында мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Нұрлан Баймұратұлы аумақтық департаменттердегі әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру жолдары бойынша нақты ұсыныстар жасады.