
Ағымдағы жылдың 30 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық білім басқармасының қызметкерлері, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысуымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында кеңес өткізді. Кеңесте өзекті мәселелер: 2023 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, педагогтердің құқықтарын қорғау және әдеп мәселесіне, балалардың құқықтарын қорғауға қатысты атқарылған шаралар, рұқсаттар және хабарламалар туралы заңы талқыланды. Кеңес барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікіралмасты, ұсыныстарын берді. Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсынбалар берілді.