
Ағымдағы жылдың 19-23 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен Қазақстан Ресбуликасының «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес 2023 жылы бекітілген тізім негізінде 2 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында профилактикалық бақылау арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№20 «Балбөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылып, аттетатталды деген қорытынды шығарылды.