Мониторинг жүргізілді.

Мониторинг жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында мектепішілік бақылау жоспары, мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатысу, оқу пәндерінің берілу жайына жүргізілген мониторинг, қысқа және орта мерзімді жоспарлардың тексерілуі, тәлімгерлік жоспарлары, электронды сынып журналының жүргізілуі, БЖБ/ТЖБ орындау бойынша тексеріс, оқушылардың үлгерім табельдерінің жүргізілу барысын тексеру бағытындағы атқарылған жұмыстары зерделенді.

​Сонымен қатар, мониторинг барысында Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкестігі, интернет жылдамдығы, «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуына қатысты сұрақтар да қамтылды.