
Өткен аптада «Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастыруымен Инновациялық мектептердегі білім сапасы, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, басқарушылық менеджмент тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстел білім саласының ардагерлері Д.Мұштанова, Н.Дәулетовтің бастамашылығымен өтті. Дөңгелек үстелге БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері, қалалық білім беру бөлімінің басшысы, мамандандырылған мектептер, гимназия директорлары қатысты. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікіралмасты.