
Ағымдағы жылдың 17-19 мамыр күндері мемлекеттік аттестаттау шеңберінде Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің Тайпақ мектеп-гимназиясында, Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің Мойылды негізгі орта мектебінде, Теректі ауданы білім беру бөлімінің Алғабас бастауыш мектебінде кешенді тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 4, 9 сыныптың оқушылары қатысты.
Кешенді тестілеу білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалаудың бір кезеңі болып табылады және Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарымен» айқындалған.
Тестілік бақылауға Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты.