
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Н.Б.Габдушев 2023 жылғы 16 мамыры күні Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 12-ші отырысына қатысты.
Аталған отырыста балаларын тәрбиелеу және асырау бойынша өз міндеттерін адалдықпен орындамаған ата-аналар мен кәмелеттік жасқа толмаған балалардың себепсіз мектепке бармау мәселесі және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған фактісі бойынша балалардың жеке істері қаралды.
Қорытындысы бойынша әрбір жеке іске қатысты қаулылар қабылданып, оларды орындау жөнінде тапсырмалар берілді.