
Казталов ауданында 35 мектеп, 16 балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жағпарованың мәліметінше барлық білім беру ұйымдарында әдеп кеңестері құрылған. Әдеп кеңестерінің құрамын ережеге сәйкестендіру қажеттігі ескертілді.
Әдеп кеңестерінің профилактикалық жұмыстарын күшейту, соның ішінде педагогикалық әдеп нормаларының сақталуына үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Казталов мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Н.Өтегенова өз сөзінде “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңы нені өзгертті, педагогтерге қандай қолдаулар болып жатырғанына тоқталып, мұғалімнің білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеудегі маңызды рөліне тоқталды.
Тәжірибелі ұстаз Г.Таскарина педагогтың кім және қандай болуы керек екенін, педагог жоғары атағына лайықты болу үшін қандай болу керектігіне кеңінен тоқталды.
Аудан педагогтері тарапынан пікірлері мен сұрақтары тыңдалып, жауаптар берілді.