
Кездесуде аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сарбалина аудандағы білім беру мекемелерінің әдеп кеңестерінің жұмысы туралы баяндады. Аудандағы 27 білім беру мекемелерінде педагогикалық әдеп кеңестері жоспарлы жұмыстарын атқаруда. Педагогтер тарапынан әдеп кеңестеріне арыз-шағымдар түспеген. Орын алған мәселелер әкімшілікпен кеңеске жеткізбей шешілгені баяндалды.
Сонымен қатар әр мектепте тәжірибелі ұстаздардан құралған медиациялық қызмет жұмыс жасайды.
Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “Үздік педагог-2021” республикалық байқауының жеңімпазы Ә.Ерментаева “Мәртебелі мамандықтың қадірін білейік” тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімнің мәртебесін асыратын қасиеттерді ұсынды.
Жәнібек ауданы Е.Ниеткалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі А.Рыспаева “Педагогтың рухани мәдениеті” тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Мұғалімнің мәртебесін асыратын-ол адамгершілігі, тынымсыз адал еңбегі, кәсіби жоғары біліктілігі, өз мамандығына деген махаббаты. Маңдай терін төгіп еңбектенген әр ұстаз жетістікке жетері сөзсіз! Кездесуге қатысушылар осындай тұжырымға келді.