
Жаңақала ауданында 20 мектеп, 7 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымында барлығы 811 педагог жұмыс жасайды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Ғұмар әдеп кеңестерінің жұмысы туралы ақпарат берді. Педагогикалық әдеп нормаларының сақталуы бағытындағы профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Бірқатар мектептер мен балабақша ұжымдарында педагогтер бірыңғай киім үлгісін енгізгені атап өтілді.
Б.Момышұлы атындағы №46 мектептің тарих пәні мұғалімі Ш.Мусина “Кәсіп және үйлесім” тақырыбында, Жаңақала ауданы №3 орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Альмуханов “Жаңа формациядағы ұстаз және оның кәсіби мәдениеті”тақырыбында өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
Жетістікке жету жолы-үздіксіз ізденіс, өлшеусіз еңбек, аса жауапкершілік, адами қасиеттер екені сөзсіз!
Кездесу барысында білім бөліміне, білім бөлімінің осы салаға жауапты бас маманы Л. Имашеваға, білім беру мекемелерінің басшыларына әдеп кеңестерінің жұмысын жандандыру, “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.