Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша семинар өтті

Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті. Семинарға БҚО Білім басқармасының, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері,  аудандық және қалалық білім беру бөлімінің жауапты мамандары мен орта білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Аталған шарада қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланып, мектептердің асхана және ас блоктарын бейнебақылау және тағы да басқа қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету тапсырылды.