ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП-МҰҒАЛІМНІҢ АСА БАҒАЛЫ ҚАСИЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП-МҰҒАЛІМНІҢ АСА БАҒАЛЫ ҚАСИЕТІ

БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаеваның Бөрлі ауданы педагогтарымен онлайн форматта өткізілген кездесуінде педагог мәртебесіне қатысты ой-пікірлер айтылды.

Тәжірибелі ұстаз Г.Таскарина, Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры М.Абдиров өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогты жоғары атағына нұқсан келтірмеу, елдің болашағын тәрбиелеуші маман иелерінің мәртебесі биік болуы үшін қойылатын талаптарға тоқталды.

Ауданда ұзақ жылдар білім саласында қызмет жасаған, ардагер-ұстаз А.Акишев жастарға ақылын айтты.

Бөрлі аудандық білім бөлімінің басшысы А.Тржанова аудандағы 1533 педагогке әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу жұмыстарына тоқталды.

Ауданның осы мәселеге жауапты маман, білім бөлімінің кадр жөніндегі маманы А.Байниязова бекітілді.