
15 ақпан күні өткізілген онлайн форматтағы кездесуде БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаева педагог мәртебесі туралы түсіндірді. Педагогтардың құқықтарының қорғалуымен қатар міндеттері мен жауапкершіліктері айтылды.
Білім бөлімінің басшысы Б.Насимуллин аудандағы әдеп кеңестерінің жұмысына тоқталды.
Аудан бойынша педагог мәртебесіне жауапты әдістемелік кабинет меңгерушісі Кадимова Айгуль Нукашевна бекітілді.
Сонымен қатар Орал қаласының С.Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, “Ерен еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері, “Үздік педагог” байқауының жеңімпазы А.Байжиева, Бөкей ордасы ауданы М.С.Бабажанов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Ф. Мукатов “Қазіргі заман педагогының имиджі” тақырыбында өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.
Департамент басшысы облыс көлемінде педагог мәртебесіне қатысты жүйелі туындайтын сұрақтар, проблемалық мәселелер, әдеп нормаларының бұзылу жағдайларына тоқталды.
Білім беру мекемелерінің басшыларына ұжымдағы психологиялық-моральдық ахуалдың дұрыс болуын және ұжымның ауызбіршілікте болуын қамтамасыз ету тапсырылды. Әдеп кеңестеріне осы мәселелерді үнемі зерделеп отыру, алдын алу қажеттігі түсіндірілді.