Кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтарды алдын алу мәселесі бойынша кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына БҚО Білім басқармасының, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, БҚО ішкі істер департаментінің, қалалық білім бөлімінің өкілдері, Орал қаласының және облыстық мектептерінің, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының директорлары және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Кеңесте облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полициясының аға инспекторы, полиция майоры Д.Құрманғалиев облыс бойынша кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың жағдайы туралы мәлімдеді.

БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Н.Габдушев кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін ортаға салды.

Кеңес отырысы нәтижесінде білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен, лицензияланған күзет қызметімен, турникеттер мен дабыл түймелерімен және тағы да басқа қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету, сонымен қатар, ішкі бақылауды күшейту тапсырылды.