
14 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Кузембаева Бәйтерек ауданы педагогтарымен кездесу өткізілді.
Онлайн форматтағы кездесуде Бәйтерек ауданы білім бөлімінің басшысы С. Сафиуллин аудандағы педагог мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқтала отырып, бірқатар кемшіліктерді де атап өтті.
Өткен жылы департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органда екі мектеп басшысы әдеп нормаларын өрескел бұзғаны анықталып, оларға қатаң шара қолданылып, жұмыстан шығарылған болатын. Одан да бөлек педагогтар тарапынан сұрақтар жиі түсетінін атап өткен жөн.
Департамент басшысы Б.Кузембаева өз ақпаратында “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңы және БжҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының талаптары, әдеп нормаларының қағидалары, педагогтердің жауапкершіліктері мен міндеттері туралы түсіндірді.
Орал қаласы Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгерлік мектептің жетекшісі, педагог-шебер, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, “Ерен еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері Г. Таскарина “Қазіргі заман педагогы қандай болу керек?” деген сұрақты жан-жақты талдай отырып, шебер жеткізді.
Бәйтерек ауданының Қасым Қайсенов атындағы мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Б.Есеналиева “О статусе педагога-повышение престижа или защита личных интересов” тақырыбында ой қозғады.
2000-ға жуық ұстазы бар ауданның педагог мәртебесі мәселесіне жауапты болып білім бөлімінің кадр жөеіндегі маманы Сәрсенғалиев Ерболат Қайырғалиұлы бекітілді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жанданады деп сенеміз!