ТӨРТЖАҚТЫ ЖОСПАР ЖАСАЛДЫ

ТӨРТЖАҚТЫ ЖОСПАР ЖАСАЛДЫ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОСПАРЫ ЖАСАЛДЫ.

Бірнеше бағыттан тұратын іс-шаралар, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, педагог мәртебесі (құқықтары мен міндеттері, педагогикалық әдеп мәселелері), пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне, ата-аналарға арналған кездесулер мен семинарлар жоспарланды.

Өңірдің білім саласындағы проблемалық мәселелерді анықтау, оларды бірлесіп жедел шешу -негізгі мақсат болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, Білім басқармасы, “Өрлеу” филиалы, Облыстық білім беруді дамыту орталығының бірлескен шаралары жыл бойы жүргізілетін болады.