ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

2023 жылдың 13 ақпан күні Ақжайық ауданы педагогтарымен онлайн форматта кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты-педагог мәртебесі ( педагогтардың құқықтары мен міндеттері, педагогикалық әдеп және әдеп кеңестерінің жұмысы) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шара бұған дейін бекітілген төртжақты жоспар және департамент жанындағы педагогтардың құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп мәселесі жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жоспары аясында өткізілді.

Кездесуге Білім басқармасы, “Өрлеу” филиалы, Білім беруді дамыту орталығы басшылары мен мамандары, Ақжайық ауданының білім бөлімі мен әдістемелік кабинет басшылары, әдіскерлері және ауданның педагогтары қатысты.

Күн тәртібінде Ақжайық ауданы бойынша білім беру мекемелері жанындағы педагогикалық әдеп кеңестерінің жұмысына жүргізілген талдау қорытындысы мен атқарылған жұмыстар туралы білім бөлімінің басшысы Е.Бекмулдин баяндады. Департамент басшысы Б.Күзембаева өз тарапынан проблемалық мәселелер мен арыз-шағымдар туралы ақпарат берді. Тәжірибелі ұстаз, білім саласының ардагері, сыни тұрғысынан ойлау жобасының тренері, “Қазақстан Оқу ассоциациясының” мүшесі Ж.Мусаева “Заманауи педагог қандай болу керек” деген тақырыпта педагогтардың әдеп мәселесін сабақ беру үрдісімен байланыстыра отырып жеткізді. Ақжайық ауданы Абай мектеп- гимназиясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Бисенова ұжымдағы ауызбіршілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Ұстаздар тарапынан білім беру мекемелерінде әдеп нормаларын дәлізде іліп қою туралы, педагог мамандарды даярлайтын оқу орындарында педагогикалық әдеп мәселесін бағдарламаға енгізу туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу бойынша мекемеге жоспар берілетінін де көтерді. Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға педагогтарды міндеттеу-заңбұзушылық болып табылады және заң бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Кездесуден әр басшы, әр педагог өздеріне ой түйді деп ойлаймыз. Кездесуге қатысқан Білім басқармасы, "Өрлеу" филиалының басшылары тарапынан да "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы талаптарын сақтау, сапалы білім мен саналы тәрбие- педагогтардың басты міндеті