
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында бекітілген тізімге сәйкес 7 бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымында профилактикалық бақылау арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттау барысында материалдық-техникалық базасы және кадрлар сапасы, оқу жоспарлары және тб. қаралып, 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау мақсатында тестілік бақылау жүзеге асырылды.
Мемлекеттік аттестациялау комиссияларының қорытындысы бойынша 7 білім беру ұйымы да «аттестатталмады».