Облыс әкімдігінде зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өтті

Облыс әкімдігінде зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өтті

Кеңесте облыстағы дағдарыс орталықтарының жұмысы және оны одан әрі жетілдіру мәселелері айтылды.

Мемлекеттік мекемелермен қатар мемлекеттік тапсырыс аясында осы бағытта жұмыс жасап жатырған 20-ға жуық үкіметтік емес ұйымдардың бар екендігі айтылды.

Өкінішке орай, отбасында әйелдер мен кәмелетке толмаған балалардың зорлық көруі, құқықтарының бұзылуы фактілері орын алып отыр.

Қолайсыз отбасындағы балалардың жағдайы, олардың тәрбиесі- қоғамды алаңдататын өзекті мәселе.

Отбасында дұрыс тәрбие берілмегеннен кейін білім беру мекемелеріне, педагогтарға салмақ түсетіні сөзсіз.

Әрине, ата-аналық міндетін атқармаған ата-аналар заңмен жауапкершілікке тартылып жатыр. Алайда, бұл мәселе өзекті болып қалып отыр.

Ұлттық тәрбиемізді әрбір баланың санасына сіңіріп өсірсе “қолайсыз отбасы” деген ұғым да болмас еді.