АРТЫҚ ЕСЕПТІЛІК, ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

АРТЫҚ ЕСЕПТІЛІК, ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Бүгін департамент жанынан құрылған жұмыс тобы мүшелерімен педагогтердің, соның ішінде сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар мен психологтардың жүргізетін құжаттары талқыланды.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде бұл мәселе қаралып, нақты тапсырмалар берілген болатын.

БжҒМ-нің 6 сәуір 2020 жылғы №130 бұйрығымен білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі қажетті құжаттар тізбесі мен нысандары бекітілген.

Алайда, педагогтердің өзінің кәсіби міндеті-сапалы білім мен тәрбие беруде артық құжаттар мен есептер жүргізуі әлі де орын алып отыр. Соған байланысты құрылған жұмыс тобының мақсаты- бекітілген құжаттарды ғана жүргізу үшін ортақ бағыт-бағдарды анықтау.

Жұмыс тобының алғашқы отырысында бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді, ұсыныстар айтылды. Әрі қарай әріптестермен бірлескен жұмысты жалғастырамыз.